Салауатты өмір салты
Егер жеке кәсіпкер жеңілдікті санатына кіретін болса, оған МӘМС үшін жарна төлеу керек пе?
Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ЖК «МӘМС туралы» ҚР Заңына және ҚР Салық кодексіне сәйкес төлейді.
ЖК, егер ол мынадай санаттардың біріне жататын болса, өзі үшін МӘМС жарналарын төлеуден босатылады: балалар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектер, күндізгі нысанда оқитын студенттер және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар. Алайда, сол ЖК-дің жалдамалы жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде МӘМС үшін аударымдарды төлеуге және олардың жалақысынан жарналарды ұстап қалуға міндетті.
Егер оның қызметкері жоғарыда аталған 5 жеңілдікті санаттың кез келгеніне жататын болса, онда ЖК МӘМС үшін жұмыс беруші ретінде ол жұмыскерлер үшін төлем жасамайды.
Спартакиада 2024 жыл
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕМІКПЕ МЕН АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік демікпе мен аллергияға қарсы күрес күніне орай, аудандық емханада семинар сабағы өткізілді.
ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ
АЛДЫН -АЛУ МАҚСАТЫНДА МАСТЕР КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ
«29» мамыр 2024 жылы Шардара ауданы №16 колледж мәжіліс залында, білім алушы студенттермен "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша, аудандық аурухананың нарколог дәрігері Г.Тойтанова және спикер тренер/консультант "Шаңырақ" жастар мен жас отбасыларды қолдау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызымен, спикер тренер/консультант “Жігерлі ел” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызының қатысуымен семинар-тренингтер өткізілді. Спикерлер білім алушы студенттермен тақырыптық түрлі викториналық ойындар өткізіп сұрақ-жауаптар қойылып қызықты өткізілді.
СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №144 «Қазақстан Республикасы халқының арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № ҚР ДСМ-116 «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық негізінде Шымкент қалалық обаға қарсы күрес станциясының Шардара обаға қарсы күрес бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің зертхана меңгерушісі Н.Панарина мен аурухана эпидемиологы жұқпалы аурулар бөлімшесі, жан сақтау бөлімшесі және қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне семинар-тренинг, жаттығу сабақтары жүргізілді.
26-маусым "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС" күніне орай халық көп шоғырланатын орындарда үнпарақшалар тарқатылды.
1-маусым Балаларды қорғау күніне орай өткізілген мастер класс.
1-маусым Балаларды қорғау күніне орай, 1 жасқа дейінгі нәрестелерді қосымша тамақтандыру бойынша аймақтық дәрігер және мейіргерлер, сондай-ақ Алматы жоғары денсаулық сақтау мектебінің ИВБДВ және УПМП координаторы Динара Шаймерденовнаның қатысуымен ата-аналарға семинар, мастер кластар өткізілді.
Шалғай орналасқан Ұзыната Дәрігерлік амбулаториясында бейінді мамандардың қатысуымен АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді.

1-маусым Балаларды қорғау күні
Шардара аудандық орталық ауруханасында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай концерттік мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шарада кішкентай бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, 1 жасқа дейінгі нәрестелер арасында жасына қарай ойын дамыту және т.б түрлі жарыстар өткізілді. Іс-шарада Кәсіподақ ұйымы атынан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
1-маусым «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»
Балаларды қорғау күніне арналған іс-шарада емхана психологы Тоғжан Берденқызы «Ертегілер еліне саяхат”тақырыбында балалармен тренинг өтті
СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТІЛДІ.
Штаттан тыс координатор ИВБДВ бойынша Нарымбетова Нұрхан Мадалиевна медицина қызметкерлерге "Диарея" тақырыбында семинар сабағын жүргізді.
СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТІЛДІ
Облыстық тері венероргия диспансерінің дәрігері Шаймерденов Ержан аурухананың медицина қызметкерлеріне "ТЕРІ ЛЕЙШМАНИОЗЫ" тақырыбында семинар өткізді.
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕК ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ" ЖӘНЕ “26 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ” не арналған семинар тренинг.
Шардара аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Т.Шырынбекова "ӨЗ ӨМІРІҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!" тақырыбында жастар арасында тренинг өткізді. Тренингтің басты мақсаты - өмірдің құндылығы, өмірге деген сүйіспеншілік туралы түсінік беру, позитивті көңіл-күй орнату, достық қарым-қатынасты нығайту, сергіту.
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕК ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ" ЖӘНЕ “26 МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ”
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 қаулысын іске асыру шеңберінде «Жастарды темекі өнеркәсібінің манипуляцияларынан қорғау» ұранымен Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама тұжырымдамасын орындау және 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне" орай Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беру мектебінде орталық аурухананың нарколог дәрігері Г. Тойтанованың және аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Абилдаевтің қатысуымен кездесу өткізілді.
Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне орай семинар өткізілді.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202 жылғы 24 қарашадағы №945 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2024 жылғы 17 мамырда Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне орай келген тұрғындармен Денсаулық мектебінде семинар сабақтары жүргізілді.
«Қант диабетінің алдын алу» мектебі
Емхананың терапевт дәрігері Мамахан Рамазан келген тұрғындарға "ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында дәріс оқыды.
«Артериалдық гипертония» және «Жүрек ишемия» мектебі
Жалпы тәжірибелік дәрігер Кенжалиев Төремұрат емханаға келген тұрғындарға "АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ" және "ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыптарында дәріс өткізді.
«ТУБЕКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
М.Әуезов жалпы орта мектебінде 24 ақпан-24 наурыз аралығында "Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, "Туберкулездің алдын алу" және "Салауатты ұрпақ" тақырыптары бойынша конференция өткізді.
«КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ алдын алу тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №144 «Қазақстан Республикасы халқының арасында Конго-Қырым геморрагилық қызбасының диагностикасы мен профилактикасын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде, Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы 14 ақпандағы бірлескен бұйрығына сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының диагностикасы, емдеу шаралары және алдын алу іс-шараларын күшейту мақсатында аудандық СЭББ мамандарымен бірлесіп дәрігерлер арасында семинар-тренинг, жаттығу сабақтары жүргізілді.
«Дені сау бала» денсаулық мектебінде өткізілген ата-аналармен түсіндірме жұмыстары
Дені сау бала кабинетінде аудандық аурухананың Қожабекова Зульфия келген ата-аналармен 6 аймен 1 жасқа дейінгі балаларға қосымша тамақ және баланың ойыны мен ата-анасымен қарым қатынасы тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың және жат қылықтардың (ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың) АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
✅Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың және жат қылықтардың (ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың) АИТВ және ЖИТС-тің, қалыпты емес дағдарыстың алдын алу мақсатында арнайы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері мен мектеп психологының қатысуымен “Кемел жастар-ел ертеңі” атты тақырыпта М.Горкий атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар тренинг өткізілді.
«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруының диагностикасы, емдеу шаралары және алдын алу іс-шараларын күшейту мақсатында медицина қызметкерлері арасында семинар-тренинг, жаттығу сабақтары жүргізілді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №144 «Қазақстан Республикасы халқының арасында Конго-Қырым геморрагилық қызбасының диагностикасы мен профилактикасын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде, Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы 14 ақпандағы бірлескен бұйрығына сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының диагностикасы, емдеу шаралары және алдын алу іс-шараларын күшейту мақсатында медицина қызметкерлері арасында семинар-тренинг, жаттығу сабақтары жүргізілді.
«ҚАНТ ДИАБЕТІ» және «ҚАУІПТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ» денсаулық мектептерінде сабақ өткізілді.
Аудандық емханада "ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ" және "ҚАУІПТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ" денсаулық мектептерінде эндокринолог және, СӨСҚ дәрігерлері "Қант диабетінің асқынулары", "Дұрыс тамақтану", "Зиянды әдеттердің алдын алу" тақырыптарында семинар жүргізді.
Жастар арасында психологиялық тренинг өтізілді
Шардара аудандық емханасында Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай "Қауіпті мінез- құлық факторлары денсаулық мектебінде" Жастар арасында психологиялық тренинг және "Салауатты өмір салтын сақтау, Дұрыс тамақтану" тақырыптарында тренинг сабағы жүргізілді.
«Адам папилломасы вирусы немен қауіпті және вирусқа қарсы екпенің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді.
Шардара ауданында халықтың көкжөтел сырқаттанушылығының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ- 13 «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес және аурухана эпидемиологы Г.Алдабергенова, Ж.Талбудинова, инфекционист дәрігері Ж.Мусаева және гинеколог дәрігері Е.Таубай медицина қызметкерлері арасында семинар сабақтарын өткізді. Қойылған сұрақтар талқыланды.
“Кемел жастар-ел ертеңі” атты тақырыпта N12 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар тренинг өткізілді.
Шардара аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен аудандық аурухананың дәрігерлерінің қатысумен Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың және жат қылықтардың (ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың) АИТВ және ЖИТС-тің, қалыпты емес дағдарыстың алдын алу мақсатында арнайы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері , гинеколог мамандарының қатысуымен “Кемел жастар-ел ертеңі” атты тақырыпта N12 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар тренинг өткізілді.