ШАРДАРА АУДАНЫНА 3 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, дәрігерлерді, облыс тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.
Облыс аумағын толық жедел жәрдем қызметімен қамтамасыз ету мақсатында тағы 75 көлікті сіздерге табыстағалы тұрмыз. Пайдалануға беріліп отырған санитарлық автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан-қала тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсете берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Жаңадан тапсырылған «Hyundai i30» маркалы санитарлық автокөліктері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Автокөліктер IV-жеделділік санатында қызмет көрсететін жедел медициналық жәрдем бригадаларына берілді. Автокөліктеріміз елдің игілігіне қызмет етіп, ауданымыздың медицинасы дами берсін!