Шардара орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шардара, Аширов к-сі, 8
+7 (725) 352 11 19
+7 (725) 352 00 91
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Өңештің кеңейген тамырларын эндоскопия жолымен байлау


20.12.2022 жылы Шардара аудандық орталық ауруханасында тұңғыш рет "Өңештің кеңейген тамырларын эндоскопия жолымен байлау" операциясы тұңғыш рет сәтті жасалынды. Шеберлік сабағын облыстың штаттан тыс бас эндоскопист дәрігері, Облыстық клиникалық ауруханасының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Жакипов Нүркен Серікұлы өткізді. Өңештің көк тамырларының кеңеюі бауыр циррозында жиі кездеседі. Оның негізгі асқынуы қан кетулер болып, науқастар соның салдарынан қайтыс болып жатады. Бұндай отанын түрі Астана, Алматы, шымкент сияқты үлкен қалаларда жасалса, алдағы уақытта аудандық аурухананың деңгейінде жасалынады. Бұл отаның көмегімен өңештің қан кетіп келген науқастарға тиімді медициналық көмек көрсетіледі және өлім жітім деңгейі төмендейді. Ондай сырқаты бар науқастраға жедел көрсеткіштері бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін қызмет көрсетілдеі. Алдағы уақытта науқастар осы ота түрін алуға облыс орталына сабылмай, аудандық ауруханадан ала алады. Шеберлік сабағын өткізуге қолдау көрсеткен облыстық клиникалық ауруханасының басшылығына алғысымызды білдіреміз.










Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу