Аудандық ауруханада өткізілген ота сәтті аяқталды
Шардара аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне 1969 жылғы науқас ауыр халде, асқазан ішек жолдарының қан кетуімен асқынған түрінде келді. Науқасты тексеру барсыныда аурухананың хирург-эндоскопист дәрігері О.Джаббаров іште қан кетіп жатқанын анықтап, ОТАСЫЗ, кесіп,қанды тоқтатып, қанталап тұрған тамырды эндоскопиялық жолмен байлады. Ота сәтті аяқталып, науқастың жағдай қанағаттанарлық. Алдағы уақытта жедел көрсеткіштерімен келген науқастарға, сонымен қатар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Отаны жүргізген аурухананың хирургия бөлімі дәрігерлерінің жұмысына сәттілік тілейміз.