АТА-АНАЛАРҒА АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ. (зож)
Шардара аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлері Қ.Сағырбайұлы, Б.Сопақбаев, М.Әуезов, Қоссейіт, Жаушықұм мектеп лицелерінде 11 жасар оқушы қыздардың ата-аналарымен және оқушы қыздарымен семинар өткізіп, адам папилломасы вирусы (АПВ) бойынша толығырақ түсіндіріп өтті.
Адам папилломасы вирусы – жатыр мойнының обыры, тік ішек обыры және басқа да қатерлі ісіктер сияқты аурулардың пайда болуына себеп болады және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблеманың бірі саналады.
Сондықтан, адам папилломасы вирусының алдын алудың тиімді жолы – вакцина салу дейді дәрігерлер.
Осы вирустың алдын алу мақсатында биылғы қыркүйектен бастап елімізде 11 жасар оқушы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцина салу басталады. Вакцина тұрғылықты жері бойынша барлық мектептер мен емханаларда тегін қолжетімді болады. Вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен, дәрігердің қарауынан кейін және қарсы көрсетілім болмаған жағдайда жүргізіледі.
Семинарлардың соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігердің жауабын алды.