21 маусым күні мәдениет сарайында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті
2024 жыл 21 маусым күні Шардара ауданының мәдениет сарайында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті.
Бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, арашасы болып жүрген дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Денсаулық - басты байлық, сондықтан медицина қызметкерлерінің жұмысы әрқашан сұранысқа ие және құрметке ие болады.
Салтанатты жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан қатысып, сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, бірнеше қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ Шардара ауданының мәслихат төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай сөз сөйлеп, арнайы алғыс хаттармен мараппаттады.
Бұл мерекелік жиын барысында аурухана басшысы Мухитдин Әбуұлы ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара барысында қызметте жетістікке жеткен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Аурухананың барлық қызметкерлеріне ұжым алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы белсенді жұмысы үшін алғыс сөздер айтылды.