Шардара орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шардара, Аширов к-сі, 8
+7 (725) 352 11 19
+7 (725) 352 00 91
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

«СҮНДЕТТЕУ» қайырымдылық акциясы

Шардара аудандық орталық емханасында "СҮНДЕТТЕУ" қайырымдылық акциясы өткізілді.Бұл шараның ашылу салтанатында орталық мешіттің бас имамы Құран бағыштап, балаларға ақ батасын берді. Басшының орынбасары Н.С Молдаханов әріптестеріне сәттілік тілеп, салтанатты түрде іс-шараны ашық деп жариялады.

Жалпы іс-шараға 150-ге жуық бала сүндеттеліп, ауданымыздың тәжірибелі, білікті хирург дәрігерлерімен бірге , орта буынды мейіргерлері және кіші буынды медицина қызметкерлері қатысып "Скальпелдік және Лазерлік" әдіспен көмек көрсетті. Сондай-ақ іс - шара аясында, арнайы аниматорлар балалардың көңіл- күйін көтеріп, сыйлықтар үйлестірілді. Барша бүлдіршіндердің мұсылмандық сүннеті құтты болсын, ал ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тілейміз.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу