Шардара орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шардара, Аширов к-сі, 8
+7 (725) 352 11 19
+7 (725) 352 00 91

Пациенттерге арналған ақпарат МӘМС бағдарламалық қамтамасыз ету

Декреттегі жеке кәсіпкер әйел МӘМС-ке төлем жасау керек пе?

Қызметі ресми түрде тоқтатылмаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар декреттегі әйел жеңілдік санатына кірмейді. Сондықтан ол МӘМС-ке жарна төлейді.

Сондай-ақ оған декретте отырған кезде кәсіпкерлік қызметті ресми түрде жабуына немесе тоқтата тұруына болады. Бұл оған жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуға мүмкіндік береді.


 

Студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесі қандай?

Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді және олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Осылайша, олар МӘМС есебінен барлық медициналық көмек түрлерін тегiн алуға құқылы.

Ал, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталында студент ретінде тіркелуі қажет.

Ол үшін:

- egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.

- «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз

- Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз

- Өтінім өңделгеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.

Тиісті орган деректерді тексергеннен кейін Сіздің мәртебеңіз «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болып өзгереді.

Осы жерде ескеретін жайт, шетелде оқитын студенттер сессия аяқталғанға дейін сақтандырылған мәртебесіне ие. Олар әр сессиядан кейін қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі тиіс.

 

Жұмыс берушілер халықтың мынадай санаттары үшін МӘМС төлемдерінен босатылады. 

Жұмыс берушілер халықтың мынадай санаттары үшін МӘМС төлемдерінен босатылады: 

1) 18 жасқа дейінгі балалар;

2) күндізгі оқу бөлімінде білім алатын студенттер;

3) зейнеткерлер;

4) көп балалы аналар;

5) мүгедектігі бар адамдар.

_____________________________

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

* msqory.kz ресми сайты

* Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

* 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

 



ЖЕҢІЛДІК БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ СТУДЕНТТЕРГЕ БЕРІЛЕДІ

МӘМС туралы заңға сәйкес (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы), жасына қарамастан, күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындардың барлығы (мейлі ол 18 жасқа толған мектеп оқушылары болсын, колледж, ЖОО немесе басқа да оқу орындарының студенттері болсын) азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

Студенттер мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Қазақстанда оқитын студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі:

Сақтандырылғандар мәртебесі Қазақстан аумағында оқитын азаматтарға жеңілдік ретінде беріледі және олардың деректері оқу орнының ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ол, өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДҚ) біріктірілген.

Деректерді енгізуге студенттер оқитын оқу орындарының әкімшілігі немесе деканаттарының қызметкерлері жауапты болады. ЖСН, Т.А.Ә., оқу кезеңі және оқыту нысанын дұрыс толтыру міндетті шарт болып табылады. Егер бұл жолдар дұрыс толтырылмаған жағдайда, онда сақтандырудың жеңілдетілген мәртебесі автоматты түрде берілмейді.

Егер отандық ЖОО студенті сақтандырылмаған болса

не істеу керек?

Мәртебе ҰБДҚ-да студент туралы тиісті ақпараттың болуына байланысты берілетіндіктен, сіз өзіңіздің оқу орныңыздағы жауапты қызметкерге хабарласып, ақпараттық жүйеде деректерді тексеруді сұрауыңыз қажет. Кейде ақпараттың жаңартылмағаны анықталады.


МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
➡️ Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелу қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан болуы керек екенін есте ұстаған жөн.
🔴Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, уақыт бөліп, тіркелгеніңіз жөн. Онсыз сіз дәрігердің қабылдауына және диангонстикадан өте алмайсыз. Сондай-ақ көмектің басқа да түрлеріне жолдама берілмейді.
➡️ Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге "сақтандырылған"мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot жеделхат-ботының көмегімен тексеруге болады
➡️ Үшінші. Емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе сіздің қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасау тиімді. Талонды алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезек жұмыс істейді
📌 Сіз участкелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға жүгіне алмайтыныңызды есте ұстаған жөн
➡️ Төртінші. Участкелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға кеңес береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ

ЗЕРТТЕУГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ
📌 Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары: 1414 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, Қор сайты арқылы хабарласа аласыз www.fms.kz, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.
Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің балаларына медициналық көмек көрсету.
ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің балалары ҚР азаматтарымен тең дәрежеде барлық құқықтарға ие. Олар жеңілдік санатына кіре алады және медициналық көмекті толық көлемде ала алады 
Балаға тұруға рұқсатты қалай алуға болады? 
ҚР-да тұруға рұқсат беру туралы бекітілген Ережеге сәйкес, 20-тармақ 
"20. Шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхат ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олардың азаматтығы елінің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі." 
Мемлекеттік қызмет стандартында 16 жасқа толмаған балалар туралы ақпаратты ата-анасынан ЫБШ алуға өтініш берген кезде қосу көзделген 
Егер бала ата-анасы тұруға ықтиярхат алғаннан кейін дүниеге келген болса, көші-қон қызметіне баланы ата-анасының/ата-анасының тұруға ықтиярхатына «байланыстыру» туралы өтініш беру қажет. 

Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды.
Ұлттық иммундау бағдарламалары иммундық жүйенің вакциналарға әр түрлі жаста қалай жауап беретінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді.

Егер адам басқа ЖСН -ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректер қате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?
МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады 
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет 
Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайын gov4c.kz сайтынан табуға болады 
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады 
Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды: 
Өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе 
Өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілген түрінде жазылмаса 
Өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе 
Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе 
Егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса 
Егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса 
Егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе (немесе шетел азаматының отбасы мүшесі)

"САҚТАНДЫРЫЛҒАН" МӘРТЕБЕСІ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚҰҚЫҚ БЕРЕДІ
* медициналық көрсеткіштер болған жағдайда
* тіркелген жері бойынша емдеуші дәрігерден жолдама болған жағдайда
Мәртебе соңғы 12 айдағы тұрақты жарналар мен аударымдар болған кезде немесе жарналарды бір жыл бұрын алдын ала төлеген кезде беріледі.








Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу