Видео
Дүниежүзілік
жүрек күні - ауруларды ерте анықтау үшін медициналық тексеруден жүйелі түрде
өту маңызды екенін халыққа еске салудың тағы бір себебі.
Жүрек-қан
тамырлары ауруларына уақтылы жүргізілген кешендік алдын-алу қауіптілік тобына
кіретін пациенттер үшін асқынулардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға
көмектесуі мүмкін.
"Дүниежүзілік
жүрек күніне" орай "ЖҮРЕГІҢДІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН ПАЙДАЛАН!"
ұранымен Шардара аудандық орталық емханасында Ашық есік күні өткізілді.
Емханаға
келушілердің қан қысымы, қандағы холестирин мен қант мөлшері, ЭКГ
өлшеніп,кардиолог дәрігер: Д.Тулебекова және Д.Қайназаров пайдалы кеңестермен
бөлісті.
«СҮНДЕТТЕУ» қайырымдылық акциясынан
«Адам папиллома вирусы»
- Адам папиллома вирусы ауруына қарсы вакцинация арқылы жатыр мойны обырын жою.
- Элиминация рака шейки матки через вакцинацию против ВПЧ.
"26-МАУСЫМ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ", СПОРТ-НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!!!
«Салауатты өмір салтын ұстану» және "Спорт нашақорлыққа қарсы » «Спорт денсаулық кепілі» мақсатында, Шардара аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері арасында қалалық стадионга дейін жаяу жүріп өту және футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту ойындарынан спорттық іс-шара өткізілді
26-маусым Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні
26 маусым - Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында аудандық аурухананың нарколог дәрігері Г.Тойтанова, халық арасында түсіндіру мақсатында сұқбат берді. Нашақорлық, синтетикалық есірткі туралы ақпарат беріп, есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсерлері туралы жан – жақты түсіндіріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
26-маусым Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті, ішімдікке салыну біздің де елімізде тамырын кеңге жайып барады. Ішімдік ішу, темекі шегумен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, ішімдікке, есірткіге тәуелді болу деген осы. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін. Оларға: парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық, адам өлтіру, суицид және тағы басқалары жатады. Зиянды заттарды қолданбау онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы туралы аудандық аурухананың нарколог дәрігері Гүлбану Тойтанова айтып өтіп, жастарды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
5 мамыр — Дүниежүзілік қол гигиенасы күні. 2008 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жыл сайын 5 мамырда "Дүниежүзілік қол гигиенасы күні" ретінде аталып өтеді. Іс — шараның өтетін күн таңдалды - 05.05 (5 мамыр) адам қолының әрқайсысында 5 саусақты білдіреді. Бұл күн қол жуудың денсаулыққа тигізетін оң әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нің эпидемиолог дәрігерлері Ж.Талбудинова, Г.Алдабергенова 5 мамыр — Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай чиллендж бастап беріп, әрі қарай Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Абай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК- не жолдады.
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТ жоспарлы медициналық көмек алғысы келсе не істеу керек?
ТӨЛЕМДЕРДІ қалай жасайды?
ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ауруларға не кіреді және ол үшін сақтандырылған болу шарт па?