Біз туралы
Шардара аудандық орталық ауруханасы стационарлық, стационарды алмастыратын және емдеу-профилактикалық медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және профилактиканың заманауи әдістерін қолдануға негізделген сапалы медициналық көмек көрсетіледі.
Бүгінгі күні емхана 70 437 адамға қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 39 580 - ересектер, 30 358 - балалар, 36 357 - ерлер, 34 080 - әйелдер (оның ішінде 15 505 – бала көтеретін жастағы әйелдер). 2017 жылдан бастап емханаға 26 мектеп тіркелген, онда 46 мектеп медбикесі жұмыс істейді. Барлық учаскелер компьютерлермен, принтерлермен, интернетпен, жиһазбен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Бекітілген халыққа амбулатория жағдайында консультациялық-диагностикалық көмек 30 медициналық мамандықтар бойынша көрсетіледі: кардиология, эндокринология, офтальмология, отоларингология, неврология, хирургия, травматология, урология, онкология, акушерлік және гинекология, маммология, дерматовенерология және т.б.
Емхананың жоспарлы қуаты: ауысымына 595 адам келеді (бір ауысымда 395 адам келетін ересектер емханасы және бір ауысымда 200 келушіге арналған балалар емханасы).
Көрсетілетін қызмет түрлері:
- Акушер-гинеколог, инфекционист, кардиолог, невропатолог, ЛОР, эндокринолог, офтальмолог, травматолог, ортопед, уролог, хирург, дерматовенеролог, онколог, маммолог, стоматолог, нарколог дәрігерлердің қабылдауы;
- Балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету: педиатрия, невропатология, оториноларингология, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, стоматология, ортопедия-травматология, кардиология;
- Медициналық реабилитология: физиотерапия, емдік физкультура, массаж;
- Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;
- Сараптамалық медициналық қызмет: кәсіби жарамдылық (профилактикалық және мерзімді медициналық тексеру).
Шардара аудандық орталық ауруханасының бөлімшелері:
- Күндізгі стационар
- Консультациялық-диагностикалық бөлімше
- ЖТД бөлімі
- Отбасы денсаулығы орталығы
- Терапия бөлімшесі
- Педиатрия бөлімі
- Акушерлік-гинекологиялық бөлімше
- Мамандандырылған жәрдем бөлімшесі
- Рентген бөлімі
- УДЗ кабинеті
- Клиникалық-диагностикалық зертхана
- Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
- Пациенттерді қолдау қызметі