Шардара орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Шардара, Аширов к-сі, 8
+7 (725) 352 11 19
+7 (725) 352 00 91

Біз туралы

Шардара аудандық орталық ауруханасы стационарлық, стационарды алмастыратын және емдеу-профилактикалық медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және профилактиканың заманауи әдістерін қолдануға негізделген сапалы медициналық көмек көрсетіледі.

Бүгінгі күні емхана 70 437 адамға қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 39 580 - ересектер, 30 358 - балалар, 36 357 - ерлер, 34 080 - әйелдер (оның ішінде 15 505 – бала көтеретін жастағы әйелдер). 2017 жылдан бастап емханаға 26 мектеп тіркелген, онда 46 мектеп медбикесі жұмыс істейді. Барлық учаскелер компьютерлермен, принтерлермен, интернетпен, жиһазбен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Бекітілген халыққа амбулатория жағдайында консультациялық-диагностикалық көмек 30 медициналық мамандықтар бойынша көрсетіледі: кардиология, эндокринология, офтальмология, отоларингология, неврология, хирургия, травматология, урология, онкология, акушерлік және гинекология, маммология, дерматовенерология және т.б.


Емхананың жоспарлы қуаты: ауысымына 595 адам келеді (бір ауысымда 395 адам келетін ересектер емханасы және бір ауысымда 200 келушіге арналған балалар емханасы).



Көрсетілетін қызмет түрлері:

- Акушер-гинеколог, инфекционист, кардиолог, невропатолог, ЛОР, эндокринолог, офтальмолог, травматолог, ортопед, уролог, хирург, дерматовенеролог, онколог, маммолог, стоматолог, нарколог дәрігерлердің қабылдауы;

- Балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету: педиатрия, невропатология, оториноларингология, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, стоматология, ортопедия-травматология, кардиология; 

- Медициналық реабилитология: физиотерапия, емдік физкультура, массаж;

- Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

 - Сараптамалық медициналық қызмет: кәсіби жарамдылық (профилактикалық және мерзімді медициналық тексеру).

Шардара аудандық орталық ауруханасының бөлімшелері:

  • Күндізгі стационар
  • Консультациялық-диагностикалық бөлімше
  • ЖТД бөлімі 
  • Отбасы денсаулығы орталығы
  • Терапия бөлімшесі
  • Педиатрия бөлімі 
  • Акушерлік-гинекологиялық бөлімше
  • Мамандандырылған жәрдем бөлімшесі
  • Рентген бөлімі 
  • УДЗ кабинеті
  • Клиникалық-диагностикалық зертхана
  • Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі 
  • Пациенттерді қолдау қызметі

Толығырақ

Жаңалықтар

Барлығын көру

Байланыс

Дүйсенбі
09:00 - 18:00
Сейсенбі
09:00 - 18:00
Сәрсенбі
09:00 - 18:00
Бейсенбі
09:00 - 18:00
Жұма
09:00 - 18:00
Қазақстан, Шардара, Аширов к-сі, 8
+7 (725) 352 11 19
+7 (725) 352 00 91
+7 (725) 352 00 92
+7 (725) 352 11 05
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу